С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 “Ә” сынып жетекшісі Айдарбекова Раушан сынып оқушыларымен
“Салауаттылық – денсаулық негізі” тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға денсаулықтың маңызы, дұрыс тамақтану, жеке гигиена және салауатты өмір салтын ұстану туралы түсініктер берілді. Балалар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс-шара оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуге бағытталды








