01.04.2026 күні Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өрімтал» бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сапалы білім мен жасанды интеллект — зияткер ұрпақ негізі» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Онкүндіктің негізгі мақсаты:
✓ оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру;
✓ жасанды интеллект пен заманауи технологияларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
✓ оқушылардың шығармашылық, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
✓ білімді, зияткер, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Бұл онкүндік — оқушылар үшін өз қабілеттерін шыңдап, білімдерін көрсетуге, ал ұстаздар үшін тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуге үлкен мүмкіндік. Барша ұстаздар мен оқушыларды онкүндік аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.
Болашақ — сапалы білім мен жаңа технологияны меңгерген зияткер ұрпақтың қолында!






