С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Сапалы білім мен жасанды интеллект – зияткер ұрпақ негізі» тақырыбындағы онкүндіктің жоспары бойынша «Өрімтал» бірлестігі

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктері туралы түсінігін кеңейту, заманауи талаптарға сай педагог бейнесін анықтау және тәжірибе алмасу мақсатында «Сапалы білім мен жасанды интеллект – зияткер ұрпақ негізі» тақырыбындағы онкүндіктің жоспары бойынша «Өрімтал» бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі К.Абилдаеваның ұйымдастыруымен «Заманауи мұғалімнің құзіреттілігі қандай болу керек?» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушы мұғалімдер педагогикалық, цифрлық, коммуникативтік және тұлғалық құзіреттіліктер туралы ойларын ортаға сала келе қазіргі заман мұғалімі тек білім беруші емес, ол – бағыт беруші, ұйымдастырушы, көшбасшы тұлға екендігін өз пікірлерімен дәлелдеп берді. Заманауи мұғалімнің құзіреттіліктерінің маңызын талқылай келе, әр мұғалім ізденісте болса ғана кәсіби тұрғыда дамитындығы баста назарда екендігі айтылды.

 672671475 2375434212920621 105356033649643482 n672681594 2375434236253952 3129971548019165571 n672686734 2375434219587287 3772086959838104391 n