Бүгін 02.05.2025 жыл С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де "Өнер мен спорты дамыған елдің өрісі кең" тақырыбында "Сергек" және "Өнер" бірлестіктерінің бірігіп ұйымдастыруымен онкүндігінің ашылуы болып өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасын қазіргі өмір сұру салтымен тығыз байланыстыру.
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып,эстафета спорттық ойынын дамыту және оқушылардың бойына өнер мен спорт қатар ұғым екендігін ұғындыру.
Онкүндіктің ашылу барысында спорт пен еңбек пәндері бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар таласа отырып, сұрақтарға нақты жауап беріп, түрлі сыйлықтарға ие болды. Қолөнершілеріміздің шебер қолынан тігілген қазақы нақыштағы ұлттық киімдерімізді насихаттау барысында оқушыларымыз би өнерлерін көрсетті. Спорт пен өнердің егіз ұғым екендігін түсіндіре отырып,алдағы онкүндікте түрлі іс- шаралардың болатыны туралы ақпарат берді. Ашылу салтанатының соңында мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Бабашов сөз алып, бірлестіктерге сәттілік, оқушыларға ынта, жігер тіледі.