2025 жылдың 13 мамыр күні С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де "Сергек" және "Өнер" бірлестіктерінің онкүндігі аясында Баскетбол «Қорғаныста ойнау техникасы» тақырыбында Б.Айтбеков 8 «Ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: шабуылда, қорғаныста ойнау тактикаларын үйрету,икемділікті,жылдамдықты дамыту.
Мұғалім сабақты оқушыларға жаттығу жасаудан бастады. Денелерін шынықтыру арқылы жаңа сабаққа бет бұрды.Сабақ барысында мұғалім 3 негізгі қорғаныс тактикасын көрсетті.1-баскетболда аймақты қорғау.2-қысым. 3-жеке қорғаныс әрекеттері.Ойын барысында допты алып жүру,шығырщыққа дұрыс салу және қарсыласынан өз денесін қорғау жолдарын үйретті.