С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде рухани-адамгершілік тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіру, шығармашылық, талант пен өнер арқылы өзін-өзі таныту мақсатында 16 наурыз күні тақырыптық өнер байқауы – «Шабыт шыңы» атты өнер фестивалі өтті. Өнер фестиваліне қатысқан талантты оқушылар эстрадалық жеке және хормен ән, театрландырылған сахналық қойылым және көркем сөз оқу, би жанрлары бойынша өнер көрсетті. Оқушының жеке өзі жасаған қолөнер бұйымдарының шығармашылық көрмесі қойылды.
«Шабыт шыңы» өнер фестивалі жас таланттарды ашуға, ұлттық мәдениетті насихаттау мен дәріптеуде жастарға мотивация мен шабыт беру арқылы ұлттық сана мен тұлғалық дамуды арттыруға, жастардың бойындағы өнердің дамуы мен өркендеуіне қолдау көрсетеді.





