Отырар ауданы білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін» мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Шежіре» бірлестігінің «Ұлт тарихы - ұрпаққа аманат» тақырыбындағы он күндік барысында «Даңқ» мұражай үйірмесінің жетекшісі Г.Сәуірдің ұйымдастыруымен 6-8 сынып оқушылар арасында мектепішілік «Яссауитану» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерін насихаттау. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру. Жас буынды елдік санаға баулу. Іс –шара барысында оқушылар қырық хикметті жатқа айтып, сұрақтарға жауап берді. Жарыс нәтижесінде І орынды 6 - сынып оқушысы Сәтбай Іңкәр, ІІ орынды 7 - сынып оқушысы Сәтбай Кәусар, ІІІ орынды 6 - сынып оқушысы Жұмахан Қадиша иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.






