С. Әшіров жалпы білім беретін мектебінде 16.03.2026ж сағат 15.00-де аудан мектептеріндегі шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің біліктілігін айқындау, олардың ғылыми әдістемелік қызметтерін ынталандыру, озат тәжірибелерді насихаттау, ұлағатты ұстаз аудандағы Ы. Алтынсарин медальінің алғашқы иегерінің бірі Пәрменқұл Досыбай Мәуленқұлұлының өнегелі өмірі мен қызметін мұғалімдерге үлгі тұту, мәңгі есте қалдыру мақсатында мектепішілік «Шығармашыл ұстаз» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың талап ережесіне сай педагогтердің ұсынған жұмыстарын арнайы комиссия мүшелері саралап, бірлестіктер бойынша қатысқан 7 педагогтер арасынан физика-математика пәнінің мұғалімі Ертай Роза Нұрлыбайқызының жұмыстары үздік деп танылды. Ендігі кезекте аудандық байқауға қатысуға жолдама алған Роза әріптесімізге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!






