С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде 01.04.2026жылы
Өскенбаев (Әбдүмажит) Мажит атындағы орыс тілі мен әдебиеті кабинеті оқушылар игілігіне пайдалануға берілді. Кабинет ұрпақтарының демеушілігімен заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.
Бұл – білімге деген жанашырлықтың, ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Жаңа кабинет оқушылардың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз.
Осындай игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысымыз шексіз










