С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында тәрбиелік мәні жоғары сынып сағатын өткізді.

«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Ұстаздар күні мерекесіне орай іс-шара жоспары аясында 5 «А» сыныбының жетекшісі Көлбай Алма «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында тәрбиелік мәні жоғары сынып сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұстаз еңбегінің маңызын түсіндіру, мұғалімге деген құрмет пен алғыс сезімін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Сабақ барысында сынып жетекшісі мерекенің тарихы мен маңызы туралы қысқаша әңгімелеп, оқушылар ұстаздарға арналған арнау өлеңдерін оқып, әсем әндер шырқады. Сондай-ақ жүрекжарды алғыс сөздер мен жылы лебіздер жолдап, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Бұл әсерлі шарада оқушылардың ұстаздарға деген шынайы құрметі мен ризашылық сезімі айқын көрінді.