С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Су және құрлық экожүйесі” тақырыбында ашық сабағын өтті.

Су және құрлық экожүйесі” тақырыбында ашық сабағын өтті.

  Отырар ауданы білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәнінің мұғалімі С. Намыс 8 “А” сынып оқушыларымен “Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйесі” тақырыбында ашық сабағын өтті. Оқу мақсаты: экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау, су және құрлық экожүйелерін салыстыру. Сабақ барысында ең алдымен ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге тұрып «Досқа тілек » тәсілі арқылы сыныпта жағымды ахуал орнатты. Одан соң жасанды интеллекттің көмегімен онлайн платформада сыныпты 3 топқа бөліп, сабақ әрі қарай жалғасты. Үй тапсырмасын “Қораптар” тәсілі арқылы онлайн платформада сұрап, оқушылар бағаланды. Жаңа тақырыпты өтіп болған соң, сабақты пысықтау мақсатында 2 тапсырма берілді. Бірі интерактивті тақтада орындалса, екінші тапсырма дәптерге орындалып, әр топтың жұмысы тексеріліп,бағаланып, қатемен жұмыс жасалынды. Сабақтың барысында “Ұлттық ою-өрнек” биін билеп сергіту сәті жүргізілді. Сабақтың соңында әр оқушыға сұрақ қойып,бағаланып үйге тапсырма беріліп,кері байланыс алынды.