С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
“Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері” тақырыбында ашық сабағын өтті.

“Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері” тақырыбында ашық сабағын өтті.

Отырар ауданы білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі М. Сейтбекова 7 “Ә” сынып оқушыларымен геометрия пәнінен “Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері” тақырыбында ашық сабағын өтті. Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсаты нақтыланып, түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ барысында ең алдымен ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Киіз үй» әдісі арқылы 3 топқа біріктіріп алды. Бұл әдіс арқылы оқушылардың ұлтқа қызмет етуіне және ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне ықпал етті. Жаңа тақырыпты өтіп болған соң, сабақты пысықтау мақсатында "ShyraqAI" платформасы арқылы тапсырмалар беріліп, тақырыпқа сәйкес ойындар ойнатылды. Әр топтың жұмысы тексеріліп,бағаланып, қатемен жұмыс жасалынды. Сабақтың соңында әр оқушыға тест сұрақтары тарқатылып,бағаланып үйге тапсырма берілді. Кері байланыс алынды.