С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
“ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУІ” экочелленджі

“ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУІ” экочелленджі

Тал отырғызу түлектер арасында жақсы дәстүрге айналған. С.Әшіров мектебінің 11-сынып оқушылары үлкен өмірге қадам басар алдында мектеп ауласына "Таза Қазақстан" акциясы барысында “Түлектердің ағаш егуі” экочелленджіне қатысып, ағаш отырғызды. 🍀Бұл олардың туған мектебіне деген құрметі мен қоршаған ортаға қосқан үлесінің белгісі. Ұстаздар қауымы бұл бастаманың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Өскелең ұрпақ табиғатты аялауды үйреніп қана қоймай, қоғамға пайдалы іс жасауға бейімделеді.

🍀Уақыт өте келе мектеп ауласы түлектерімізді әрдайым еске салып тұратын әсем саябаққа айналады деп сенеміз!