Бүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлделі орын иелері Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғ. Орыновтың Алғыс хатымен марапатталды.
Аталған марапат иелерінің қатарында біздің мектебіміздің мақтанышы – Қалдыбай Таңшолпан Айдосқызыда бар.
Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, білім мен біліктің үлгісін танытқан жеңімпаздарымызға шынайы алғыс білдіріліп, алдағы уақытта да білім жолында биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне ізгі тілектер айтылды.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!






