«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «Ә» сыныбында 18.12.2025 жылы сынып жетекшісі Ф. Турымбетованың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы», «Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» тақырыптары кеңінен қамтылып, оқушылар тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері туралы бейнематериалдар тамашалады. Сынып сағаты сұрақ-жауап және пікір алмасу түрінде ұйымдастырылып, білім алушылар өз ой-пікірлерін еркін білдірді.Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, олардың мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, Тәуелсіздікті қадірлеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеу – әрбір ел азаматының қасиетті парызы екені ерекше аталып өтілді.
Іс-шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырып, ел тарихына деген құрметін нығайтуға бағытталды.





