С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сынып сағатын өткізілді.

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сынып сағатын өткізілді.

«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «Ә» сынып жетекшісі Айдарбекова Раушан желтоқсан айының 15 күні сыныбында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сынып сағатын өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы түсінік беру, ел тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қауіпсіздік сабағы бойынша «Бейтаныс адаммен қалай дұрыс сөйлесу керек?» туралы да түсінік берілді.

Іс-шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһарман жастар — Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев және Сәбира Мұхамеджанова туралы мәліметтер беріліп, олардың ерлігі мен ел тәуелсіздігі жолындағы жанқиярлық еңбегі түсіндірілді.

Оқушылар Тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқып, «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Сонымен қатар арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сынып сағаты барысында оқушылардың бойында тәуелсіз елдің азаматы екендігіне деген мақтаныш сезімі қалыптасты.

Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.

 598736145 2271290556668321 1862836180471994361 n    600129597 2271290806668296 4056374331753313382 n