#ТазаҚазақстан – баршамызға ортақ міндет!
2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың тұжырымдамасын іске асыру аясында, 2025 жылдың 30 сәуір күні С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте жалпы мектептік сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары өткізілді.
Сенбілік барысында мектеп ауласы қоқыстан тазартылып, арам шөптер жұлынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға мектеп ұжымы белсенді қатысып, айналаны таза ұстаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі!