С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Тіл – достықтың кепілі" атты тілдер мерекесінің ашылу салтанаты

"Тіл – достықтың кепілі" атты тілдер мерекесінің ашылу салтанаты

Тіл – достықтың кепілі" атты тілдер мерекесінің ашылу салтанаты

Бүгін мектебімізде ұлт пен ұлысты ұйыстыратын, бірлік пен бейбітшіліктің алтын арқауына айналған Тілдер мерекесінің салтанатты ашылуы өтті. «Тіл – достықтың кепілі» атты үш тілде өткен рухани шара – оқушылардың тілге деген құрметін арттырып қана қоймай, ұлттар арасындағы ынтымақ пен татулықты дәріптеген тағылымды басқосу болды.

Іс-шара барысында қазақ руханиятының шамшырағы, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды. Ұлт ұстазының ұлағатты мұрасы оқырманды терең ойға жетелеп, елдік пен еркіндікті ту еткен қайраткер тұлғаның бейнесін айшықтай түсті.

Сонымен қатар, қазақтың бес арысы – Мағжан, Ахмет, Жүсіпбек,Міржақып,

Шәкәрім атамыздың көркем сөзбен көмкерілген жауһар шығармаларынан үзінділер оқылып, көрермен жүрегін тебірентті. Оқушылардың әсерлі орындауында әдебиет пен поэзияның биік рухы сезілді.

Шара аясында әлем әдебиетінің алыптары да ұмыт қалмады. Ағылшын поэзиясының көрнекті өкілдері – Байрон мен Уильям Шекспирдің сырға толы жырлары, орыс әдебиетінің алтын қазынасы – А.С. Пушкиннің өрнекті өлеңдері үш тілде мәнерлеп оқылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Бұл тағылымды кеш – тілдердің тоғысқан тұсында туыстық пен татулықтың туын биікке көтерген рухани мереке ретінде есте қалды.