С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
*«Тіл – достықтың кепілі» онкүндігі аясында «Ұшқыр ой» зияткерлік сайысы өтті*

*«Тіл – достықтың кепілі» онкүндігі аясында «Ұшқыр ой» зияткерлік сайысы өтті*

«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тіл – достықтың кепілі» атты тілдер онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімдері Алимбекова Махаббат пен Сартай Дана 4-сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой» атты зияткерлік сайысын өткізді. Бұл зияткерлік сайыстың мақсаты – оқушылардың тіл байлығын дамыту, шығармашылық қабілетін ұштау, ана тіліне деген сүйіспеншілікті ояту және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.

Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, бірнеше кезең бойынша білімдерін ортаға салды. «Бәйге», «Кім жылдам?», «Көрерменге базарлық», «Ұшқыр ой» атты айналымдарда қатысушылар тапқырлық пен шапшаңдықтарын көрсетіп, түрлі сұрақтарға нақты жауап берді.

Барлық қатысушы белсенділік танытып, сайысқа қызығушылықпен қатысты. Оқушылардың тілге деген құрметін, білімге деген құштарлығын арттырған сайыс болды.