Бүгін мектебімізде «Зерде» пән - әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану пәндері-ғажайыптың сыры» тақырыбындағы онкүндігі жоспарына сәйкес химия, биология, география және физика зертханашылары мен пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Қызықты тәжірибе" байқауы өткізілді. Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын дамыту, тәжірибе арқылы ғылыми ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізілген бұл іс шарада пәндер бойынша қызықты тәжірибелер жасалды. Жаратылыстану пәнін тек теориялық деңгейде емес, өмірмен байланыстыра, тәжірибемен ұштастыра оқытқанда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Жаңалықтар
