Мектебімізде «Зерде» жаратылыстану пәндері әдіс бірлестігінің онкүндігі «Жаратылыстану пәндері – ғажайыптың сыры» тақырыбымен салтанатты түрде ашылды.Онкүндік ақпан айының 9-20 аралығында жүргізіледі.
Онкүндіктің негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу және пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Ашылу салтанатында оқушылар табиғаттың тылсым құбылыстары туралы қызықты деректер ұсынып көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар алдағы күндері өткізілетін ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, зертханалық жұмыстар мен ғылыми жобалар байқауы таныстырылды.
Бұл онкүндік – білім мен ғылымға қадам басқан жас зерттеушілер үшін үлкен мүмкіндік. Барша ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!







