С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Жүзден жүйрік»  атты математикалық сайысын өткізді.

Жүзден жүйрік» атты математикалық сайысын өткізді.

Отырар ауданы білім бөлімінің «С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасанды интеллект: бастауыш білімнің көкжиегі» тақырыбында «Өрімтал» пән бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кушерова Гүлнар мен бастауыш сынып мұғалімі Майлыбай Айгүл 3 «А» және 3 «Ә» сынып оқушылары арасында «Жүзден жүйрік» атты математикалық сайысын өткізді.Сайыстың мақсаты: оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Сайыс 5 кезеңді қамтыды. Оқушылар әр кезеңдегі тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің шапшаңдықтарын, ойлау қабілеттерінің жылдам екендігін көрсете білді. Сайыс соңында бастауыш сынып оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кушерова Гүлнар апай екі топтың оқушыларын марапаттап, алдағы уақытқа бұдан да биік шыңнан көрінуіне тілек білдірді.