Жалпы ата-аналар жиналысы өтті
28.10.2025 жылы « Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-де жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиын барысында оқушылардың тоқсандық оқу қорытындылары, сабаққа қатысу деңгейі және оқу үлгерімі талқыланды.
Мектеп директоры Әріпбек Әділхан оқушылардың білім сапасын арттыру бағытында ата-аналармен бірлесе атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Ата-аналар комитетінің төрағасы Әбзейтов Әнуарбек ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз байланыста жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтіп, балалардың тәрбиесіне күнделікті назар аудару қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Сапарбаев Жұмабай еліміздің болашағы – жастар екенін айтып, ауыл жастарын білімді әрі тәрбиелі етіп өсіру баршамыздың ортақ міндетіміз екенін ерекше атап өтті.
Жиынның мақсаты – мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту, оқушының табысты болашағына бағыт беру.








