Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін , белсенділігін дамыту мақсатында, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін дамытуға бағыттау ұстаздың басты міндеті .Қазіргі заманда білім әр халықтың, әрбір жеке тұлғаның болашағын айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналды. Білімнің жоғары деңгейін ұстап тұру-әрбір қоғамның өзінің ғылыми-техникалық прогресін, экономикалық дамуын,және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, алдына қоятын міндеті.
Жаратылыстану пәндерінен балалардың қызығушылығын арттыру және жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жаратылыстану пәндері-ғажайыптың сыры» тақырыбында онкүндік өтіп жатыр. Осы онкүндік жоспарына сай бүгін 9-а сыныбында пән мұғалімі Шаденова Нұрсұлу «Ядролық өзара әсерлесулер. Ядролық күштер. Массалар ақауы. Атом ядросының байланыс энергиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ «Жұбыңды тап» әдісі бойынша жағымды ахуал қалыптастырумен басталды. Жалпы сабақ барысында жасанды интеллект элементтері. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері қолданылды.
Wordwall бойынша өткен сабақ бойынша балалар сұрақтарға жауап берді. Балалар осы сабақта ядролық күштер, оның қасиеттері, массалар ақауы, меншікті байланыс знергиясы, байланыс энергиясы,тыныштық энергиясы туралы білім алды. Менделеев кестесін пайдаланып элементтердің атом құрамын зерттеді. Меншікті байланыс және байланыс энергиясына, массалар ақауына есептер шығарып, түрлі тапсырмалар орындады.