«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіптік бағдар беруші педагог Ә.Одамановтың кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес «Жас археолог» үйірме жетекшісі
Б.Тұрсынбаевпен бірлесіп музей мамандарының қызметімен танысу мақсатында 9-10 сынып оқушыларымен саяхат ұйымдастырылды. Жұмыс барысында оқушылар Сапар орталығындағы реставрация бөлімінің мамандары құмыра жасаушы Ж. Еримбетов пен құрастырушы және қайта қалпына келтіруші С. Жұманиязовтың жұмыстарымен танысты. Мамандар өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға мол мағлұмат беріп өтті.
Мақсаты: Білім алушылардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамту, оқушылардың өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануына ықпал ету.