Отырар ауданы білім бөлімінің
«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.12.2025 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәлімгер А. Майлыбайдың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында оқушылар Отанға, туған жерге және Тәуелсіздік күніне арналған өлең-жырларын орындап, салтанатты түрде ант қабылдады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Әміртаев «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуға тілектестік білдіріп, іс-шараны қорытындылады.






