С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ЖАС МАМАНДАР ОНКҮНДІГІ АШЫЛДЫ!!!

ЖАС МАМАНДАР ОНКҮНДІГІ АШЫЛДЫ!!!

10 ақпан мен 20 ақпан аралығында өтетін «Біздің атымыз-Жас маман» атты «Жігер» жас мамандар онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Іс-шарада онкүндік бойы өтетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ, жас мамандар дайындаған ойындар бұрышы өткізіліп, ұстаздар белсене қатысты.