«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «2025 жылғы 10.04-06.05 аралығында Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім жедел профилактикасы» тақырыбында мектеп оқушыларымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа қатысқандар: мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары, полиция қызметкері, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер, Отырар АПБ КПБ-нің жедел уәкілі полиция капитаны Ө.Әбзейтов және АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКТ-ның инспекторы полиция аға лейтенанты А.Жақсылық, АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Д.Ерденова, мектеп директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Бабашов сөз алып «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы ерте жүктілік , оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы» жөнінде оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқық бұзушылықты болдырмау үшін профилактикалық шараларды айта отырып, зорлық-зомбылық сонымен қатар қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отырған әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдар, арнайы сайттарға кірмеуі, сайттардың қауіптілігі жөнінде оқушыларға мысал келтіре отырып терең түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өтті.
# «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»