17 сәуір күні — «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасанды интеллект: бастауыш білімнің жаңа көкжиегі» тақырыбында «Өрімтал» пән-әдіс бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері Иманбек Тазагүл мен Таңжарова Жанаргүл «Жарық жұлдыздар» ұстаз бен шәкірт ән байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге құштарлығын ояту, ұстаз бен шәкірт арасында тығыз байланыс орнату. Байқау қатысушылары екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезең «Өзін—өзі таныстыру», екінші кезең «Әнді сүйсең менше сүй». Бірінші кезеңде байқау қатысушылары өлең жолдары мен слайд арқылы өздерін таныстырды. Екінші кезеңде 1 «Ә» сынып оқушысы Талғат Бибіайым мен ұстазы Айдарбекова Раушан «Мереке» әнімен сахнаның сәнін кіргізді. 2 «А» сынып оқушысы Көшкінбай Алина мен ұстазы Абдыханова Айжан «Қасиетті домбыра» әнімен көрермен көзайымына ие болды. 2 «Ә» сынып оқушысы Сұлтанқұл Айғаным мен ұстазы Сартай Дана «Тек алға!» әнімен көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. 4 «Ә» сынып оқушысы Асанқұл Аида мен ұстазы Алимбекова Махаббат «Қоштасудың қиын-ай» әнімен көпшілік қолдауына ие болды. Әділ қазылар алқасы байқау қатысушыларының өнерін бағалап қорытынды шығарғанға дейін бірінші сынып оқушылары Дәулет Асылым «Ұстаз ана», Әлайдар Ерке «Ұстаз» әндерін көрерменге тарту етті. Байқау соңында директордың бастауыш сынып оқу—тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көшерова Гүлнар апайымыз бен директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Тасқынбаева Феруза апайымыз қатысушыларды «Үздік дуэт», «Ең әдемі жұп», «Ең тәтті жұп», «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапаттады. Әділ қазылар байқау қатысушыларына алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі. «Жарық жұлдыздар» ән байқауы өте жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.
Все реакции:
60Aigerim Almahanova, Гүлнар Әлайдарқызы и ещё 58