С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жасанды интеллекттің пайдасы мен зияны"

20.01.2026 жылы С.Әшіров мектебінде "Жасанды интеллект дәуіріндегі математика мен информатика" атты Алгорифм бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес информатика пән мұғалімдері Шаденова Нұрсұлу және Сейтбекова Мақпалдың ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары "Жасанды интеллекттің пайдасы мен зияны" тақырыбында жазылған рефераттарын қорғады. Жасанды интеллект қазіргі заманда білімнен бастап медицинаға, өндіріс пен тұрмысқа дейін көптеген саланы өзгертіп жатыр. Оның басты пайдасы — ақпаратты тез өңдеп, адамдардың жұмысын жеңілдетуі. Сонымен қатар жасанды интеллекттің қауіптері де бар. Автоматтандыру кейбір жұмыс орындарының жойылуына әкелуі мүмкін екенін оқушылар дәлелдермен көрсетті. Жасанды интеллект адамның өмірін жеңілдететін құрал. Оны дұрыс пайдалансақ, болашаққа пайдалы технологияға айналады.