18 мамыр күні 2 “Ә” сынып оқушыларына «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай жеке қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сынып жетекшісі Р. Айдарбекова оқушыларға үйде, аулада және бейтаныс адамдармен сөйлескенде өзін қауіпсіз ұстау жолдарын түсіндірді.
Сабақ барысында балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелері, қауіпті жағдайларды тану және дұрыс шешім қабылдау дағдылары үйретілді. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, бейтаныс адамдарға есік ашпау, жеке ақпаратты айтпау, күмәнді жағдайда ата-анаға немесе үлкендерге хабарлау қажеттігін білді.
Сонымен қатар әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері де түсіндіріліп, бейтаныс адамдардың хабарламасына жауап бермеу, жеке фото мен ақпаратты жібермеу туралы айтылды.
Мұндай тәрбиелік маңызы зор сабақтар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жазғы демалысты қауіпсіз өткізуге бағыт береді.







