С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Жетістікке толы жарқын жеңіс!

Жетістікке толы жарқын жеңіс!

📚2025 жылдың 17-18 сәуір күндері Түркістан қаласындағы "Фараб" кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысының білім басқармасына қарасты "Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының" ұйымдастыруымен дәстүрлі "Ясауитану-2025" республикалық байқауы өтті.

🏫Аталған байқауға қатысқан мектебіміздің білімді де дарынды оқушылары республикалық кезеңде ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарды иеленіп, абыроймен оралды!

Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттап, рухани тұтастығымызды дәріптеген бұл байқауда еліміздің әр өңірінен жиналған 70 үміткер арасынан суырылып алға шыққан — 9-сынып оқушысы Тұрар Саян мен 10-сынып оқушысы Зия Аружан болды.

Осы шәкірттерімізді бәйгеге баптап, бар білімін, күш-жігерін аямаған, мектеп мұражайының жетекшісі, білікті ұстазымыз Сәуір Гүлжан апайға шексіз алғысымызды білдіреміз!

💐Құтты болсын!

Мектебіміздің мәртебесі асқақтай берсін!

Жетістіктеріміз жалғасын таба берсін!

🇰🇿Сонымен қатар, мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Құрманов Айбатыр «Ұстаз барысы – 2025» турнирінің облыстық кезеңінде 100 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, І орын иеленді. Бұған қоса, «Түйе палуандар» арасындағы тартысты бәсекеде де шеберлігін көрсетіп, ІІІ орынға ие болды.

Айбатыр әріптесімізге алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жеңістер тілейміз!