Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты С.Әшіров жалпы білім беретін мектеп КММ-де 03.02.2026 жылы 6 ақпан Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандақ аумақтық сайлау комиссиясының іс-шарасы жоспарына сәкес №514 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Бабаш Ғалымжан ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ұйымдастырылып іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты оқушыларға сайлау жөнінде ақпарат беру, конституция заңдарымен таныстыру. Сайлаудың өтілу үлгісімен және ережелерімен таныстырып, өз ойларымен бөлісті.Ойын барысында оқушылар сұрақтар қойып,өз жауаптарын алды. Іс-шара оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыруға және демократиялық құндылықтарды түсіндіруге бағытталды.









