С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Республикалық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» іс-шараның жоспарына сәйкес бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Бекет Мәрзияның ұйымдастыруымен 09.12.2025 ж күні «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында 2- 5 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі өткізілді.

Көрменің мақсаты-оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу, зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қарсы көзқарас қалыптастыру және қауіпсіз орта құрудың маңызын түсіндіру болды.

Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, «Достық», «Бірлік-біздің күшіміз», «Мейірімді жүрек», «Отбасындағы жылулық», «Зорлық-зомбылықсыз әлем» бағыттарында өз шығармашылықтарын ұсынды. Оқушылардың салған суреттері адам құқықтарын қорғау, татулықты насихаттауға бағытталған мазмұнымен ерекшеленді.

Сурет көрмесі барысында үздік жұмыстар іріктеліп, белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. 

595214911 2265989003865143 6377518602093131659 n   596994853 2265989010531809 9136359193729468301 n